«Қиын бала қайдан шығады?»

«Қиын бала қайдан шығады?»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кешегі иі жұмсақ ұл-қыздарымыз келмеске кеткен, қазіргі мектеп жасындағы балалардың психологиясы мүлде басқа. Айтқанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін, тізгінсіз кеткен балаларымыз көбейіп келеді. Қанымызға жат саналған, арымызға дақ салған мұндай құбылыстар қазір қоғамға кереғар фактор ретінде рес­ми атауға да ие: «қиын балалар». ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірігіп, өткен жылы қиын балалар санын анықтай келе, арнайы мәліметтер базасын жасапты. Тізім 6000-ға жеткен.

Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы Шайқорық орта мектебінде «Қиын бала қайдан шығады?» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Жиынға аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, Шайқорық орта мектебінің кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторы, ата-аналар және ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында қазіргі уакытта жастар арасында құқық бұзушылқтың неден шығып жатқандығы және жастар арасында бірін-біріне деген қарым-қатынастары туралы ой бөлісті. Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы жастарға үлкенді сыйлау, дұрыс білім алу ата-ананы, ұстазды құрметтеу турасында уағыздар айтып, алдын ала дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

 

Әмірбек Әбдіразақ,

 «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: