Алдында хабарлағанымыздай жылдағы қалыптасқан дағды бойынша Қордай жерінің мешіттері мектептерінен босап, демалысқа шыққан балалар үшін жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырады.
Биылғы жылы да сауат ашу курстары өз жұмыстарын 1 маусымда бастап кетті. Аудан бойынша курстар кең көлемде аудандық «Қордай» мешітінде, «Хамид бен Бадый», «Омар», «Хамзат» және «Ал-Қуддус» мешіттерінде өтті.
Аудандық «Қордай» мешітінде 80 ге жуық, жалпы аудан бойынша курста 200-ге жуық шәкірт өз діни сауаттарын ашты. Игі істердің ұраны әрине Алла елшісінің «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп оны басқаға үйреткендерің» деген мәшһүр хадисі болды. Курсты кәсіби деңгейде ешбір үзіліссіз өткізу үшін, облыстық «Һибатулла Тарази», «Үшқоңыр» медресесінің шәкірттерін шақырып, ол азаматтар бүлдіршіндерге Ислам ғылымынан сусындатты.
Курста негізгі пән ғылымның атасы Құран болса, оған қосымша әдеп, иман негіздері және сира сабақтары өтті.Білім алып, рухани азық жинаса, шәкірттерге күнделікті дастархан жайылып тәндерін қуаттап алса, түрлі спорттық ойындар ойнап денелерін шынықтырып, Ислами бейне және мультфильмдер көріп тағылым алды.
Әрине бұның баршасы дін жанашырларының қолдауынсыз өткен жоқ. Баршасына алғысымыз шексіз. Міне бүгін аудандық «Қордай» мешітінің жазғы сауат ашу курсының бірінші легі аяқталып, 15 бойы өзінің сабақтарға белсене қатысуымен, әдебімен және емтиханда көрсеткен дәрежелеріне сай сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды. 3 топқа бөлінген шәкірттер ішінен 1,2 және 3 жүлделі орындар белгіленіп, ақшалай сыйлықтар таратылды. Салтанатты жиында сөз алған аудандық мешіттің наиб имамы Д.Жандосұлы жиналған ата-аналарға, шәкірттерге өз алғысын айтып, құран оқудың артықшылықтары жайлы уағыз айтты. Берік ақсақал бүлдіршіндерге өз ақ батасын беріп, жас буынның діни сауатын ашу жұмысындағы мешіт қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. Медресе асханасында шәкірттерге, ата-аналарға арнайы дастархан жайылды. Дастархан барысында да ғибратты әңгімелер айтылып, курсқа қатысушы барша шәкірттерге сыйлықтар, оның ішінде «Рамазан мубарак» атты арнайы мерекелік бас киімдер таратылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі