Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға облыстық «АРАЙ» газетінің, «Ақ жол» газетінің, қалалық «Жамбыл Тараз» газетінің, «Қазақстан Тараз» телеарнасының тілшілері қатысты.  Құран айының қасиеті, ораза, қадір түні, пітір садақа мен айт мерекесі жайында сөз болды. Сұхбат барысында тілшілер халықты толғандыратын сұрақтар қойып, мардымды жауаптар алды. Данияр қажы Жұмабаев оразаның 18 маусымнан 17 шілдеге дейін жалғасып 29 күнге толатынын айтып өтті. Оразаның әлеуметтік, рухани, имани пайдаларын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Бас Мүфтидің тапсырмасын орындауды басты назарға алды. Ораза кестесінің 10 000 данасының тегін таратылғаны айтылды. Журналисттер қойған көкей кесті мәселелерге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, бас имам Дарияр Жұмабаев толық мағлұмат берді.     

-  Рамазан айында ораза ұстау парыз, бірақ денсаулығы нашар, шамасы келмейтін адамдар қалай ұстайды?

-  Денсаулығы оразаны көтермейтін, науқас адамдарға пәтуә бөлімінің шешімі бойынша ауыз бекітпеуге рұхсат берілетіндігі жайында пәтуә берілді.

- Биылғы пітір садақа құны қанша теңгені құрап отыр?

- Пітір садақасы 200 теңге болып бекітілді. Бұл ең төмен баға болып табылады. Егер одан көбірек берер болса, ол үлкен сауап. Тіпті құрсақтағы бала үшін де пітір беруге болады.

- Қасиетті айда қандай іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр?

- Он екі айдың сұлтаны болған Құран айында әлбетте нысанаға алып отырған игіліктер көп. Мәселен, облысымыздағы барлық мешіттерде әр саланың мамандарына арнап ауызашар берілуі; Пітір садақасынаң жиналған қаражаттың белгілі бір бөлігіне 50 отбасыға қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру; Қадір түні жасалатын акция, қайырымдылық шаралары; Айт мерекесінде 10 бағыт бойынша қалада және қаладан тыс жерлерде қоғамдық көліктерде тегін жүру акциясын ұйымдастыру, т.б.

Осы айда ішімдік азайса, баннерлер ілініп, қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетсе деген мақсаттамыз.

-Бірнеше күндер бұрын Әлемдік және діндер лидерлерінің V съезінде болып қайттыңыз. Осы съезде қандай мәселелер қозғалды?

- Съезде терроризмге қатысты әңгімелер өрбіді. Қазіргі уақытта «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» деген жалған діни ұйымның іс-әрекетін тоқтатуға жұмыла ат салысу керек. Бұл  ұйым елді дүрліктіріп, өзіне көп адамдарды тартып, тоқыратып жүр.

- Дініміздің қазіргі таңдағы ахуалы қандай?

- Бас Мүфти өз баяндамасында айтқандай бүгінгі жағдай ата-баба тарихында ешқашан болмаған. Қазір мешіттер мен медреселер көбейді. Тіпті дінді, Құранды үйрететін жоғарғы оқу орындары да жұмыс істейді. Басқа бір мемлекеттің қарамағында емеспіз, тәуелсіздігіміз бен хақ дініміз бар. 

-Қазір түрлі діни ағымдар көбейіп барады.  Олардың арасындағы дау қалай болмақ?

- Біреу біреуді жамандап, сенікі дұрыс емес, менікі дұрыс демей әркім өз ұстанымын ұстанса, ешқандай қақтығыс болмас еді.

- Съезде шет елдердің исламға деген көзқарастары жайында не айтылды?

-Америкадан келген делигация мұсылмандарға барынша еркіндік бергенін айтса, Англиядан келген делигация «Біз енді енді өзге пайғамбарлармен қатар Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды да дәріптеуді қолға  алып келеміз» деген хабар жеткізді.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,      

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: