Қайыр-садақа адамды абыройсыз өлімнен, жаманшылықтан және қауіп-қатерден қорғайды. Садақа – қайырымдылық, жомарттық. Ал жомарттық –Аллаһтың ең бір ұлық қасиеті. «Мұқтаждарға көмек көрсету – асыл істерден» дегендей, Мойынқұм мешітінің бас имамы З. Исаевтың ұйымдастыруымен РАМАЗАН айы қарсаңында 1 қой етін көп балалы 2 отбасыға, жалғыз басты 1 отбасыға арнап қайырымдылық іс-шарасын өтті. Аталмыш шаңырақтарға азық-түлік ретінде ет таратылды. Жанұялар разылығы мен алғысын білдірді.
«Мойынқұм» мешіті