Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Р.Сәбденов ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы ауызашарда жамағатқа «Дұрыс тамақтанудың пайдасы» жайында уағыз-насихат айтты.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Р.Сәбденов ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы ауызашарда жамағатқа «Дұрыс тамақтанудың пайдасы» жайында уағыз-насихат айтты.
Жүніс молда мешітінде қасиетті Рамазан айында жамағатқа арналған ауызашар ұйымдастырылып, берекелі басқосу өтті. Ауызашар дастарханы басында жиналған қауым бірлік пен бауырмалдықтың маңызын сезініп, рухани әсер алды.
Рамазан айының соңғы күндері – мұсылман қауымы үшін ерекше рухани маңызға ие уақыт. Осы қасиетті сәттерде жамағат болып ауызашар дастарханында бас қосу – бірлік пен бауырмалдықтың айқын көрінісі.
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, орталық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде өткен қасиетті Қадір кешінде Рамазан айы бойы тарауық намазында оқылған қасиетті Құранның хатым дұғасы жасалды.
Жуалы ауданына қарасты референдум учаскелеріне мешіттердің имамдары арнайы келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Діни қызметкерлер ел болашағына бейжай қарамай, саяси науқанға белсенді қатысып, тұрғындарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылдық мешітінің молдасы Киікбаев Ғалымжан 14-наурыз Көрісу күні мектепте өткен іс-шараға шақыртылып, мұғалімдермен бірге мерекені атап өтті.