ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданына жасаған сапары барысында «Мұсылмандар» мешітінің жамағатымен кездесті.
Аср намазы уақытында бас имам жамағатқа «Білім алудың пайдасы» тақырыбында тағылымды насихат айтып, ислам дініндегі білімнің орны мен маңызына тоқталды. Ол білімнің – адамның рухани дамуына, дұрыс бағыт таңдауына және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына негіз болатын құндылық екенін атап өтті.
Сондай-ақ, насихат барысында ілім іздеудің артықшылығы, сауатты болудың жауапкершілігі және діни білімді сенімді дереккөздерден алу қажеттігі кеңінен түсіндірілді. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы діни кеңестер айтылды.
Кездесу соңында жамағат елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасап, рухани әсерге толы басқосу жылы лебізбен аяқталды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

