ОБЛЫС БАС ИМАМЫ "ҚАРАКЕМЕР 2" МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ "ҚАРАКЕМЕР 2" МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Бас имам жамағатқа «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында насихат айтып, ислам дініндегі елге деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет және қоғам алдындағы жауапкершілік жайында кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, бейбітшілік пен бірліктің маңызына назар аударып, әр азаматтың ел дамуына үлес қосуы – ізгі амал екенін атап өтті.

Жұма намазына жиналған жамағат рухани әсер алып, ел амандығы мен тұрақтылығы үшін дұға жасады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: