Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде жамағатпен кездесу өткізіп, «Таза Қазақстан» жобасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Уағыз барысында ол табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.
Имам өз сөзінде табиғатты аялау – имандылықтың бір көрінісі екенін жеткізіп, жамағатты тазалыққа, жауапкершілікке шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

