ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданындағы «Қордай Құран Қарилары» орталығының ұстаздарымен кездесті.

Сапар барысында жұмыс жоспары мен сабақ кестесі таныстырылып, оқу үдерісінің барысы бақыланды. Сонымен қатар ұстаздардың біліктілік деңгейі зерделеніп, білім беру сапасын арттыру бағытында пікір алмасу өтті.

Бас имам орталықтың оқу-тәрбие жұмыстарына оң бағасын беріп, Құран ілімін сапалы түрде оқыту – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Ұстаздармен еркін форматта сұқбат құрылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Кездесу барысында Құран білімін дамыту, шәкірттердің рухани тәрбиесін күшейту және жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: