Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы “Әл - Карим” мешітінің асханасында ұйымдастырылған ауызашар дастарханында мешіт имамы Алпысбаев Есболдың және ауыл тұрғындарының бастамасымен ауылдағы әжелер мен аналарға құрмет көрсетіліп, ақ орамал жабылды.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы “Меркі ата” мешітінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында “Бас имам сағатын” өткізді.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылдық мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан футболдан өткен жарысқа қатысып, жүлдегерлерді марапаттап қайтты. 6 команда арасында өткен жарыс өте тартысты болды. Әбжапар ауылының жігіттерінен құралған 6 команда өзара кубокты сарапқа салды.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылдық мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан ауылдық орта мектептің оқушыларына қасиетті айда Рамазан тәттілерін таратып, балаларға қуаныш сыйлады.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық мешітінің имамы Марат Бидайбекұлының бастамасымен ауылдағы мұқтаж отбасыларға «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы арқылы көмек берілді.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының тапсырмасымен ауданға қарасты бірқатар ауылдық мешіттерде Қадір түнінде діни сұрақ-жауап ойындары ойнатылды.