ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай ауданы, Қаракемер ауылдық округінің тұрғындарымен дидарласты.
Кездесу барысында өңірдің хал-ахуалы сұралып, ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері мен сауалдарына жауап берілді. Бас имам жамағатпен еркін форматта пікір алмасып, діни және қоғамдық тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиынға шамамен 15-ке жуық ауыл тұрғыны қатысты. Кездесу жылы жүздесумен өтіп, тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Мамыр 2026
26 Зуль-каада 1447

