#Шу: Жастар тәрбиесі – басты назарда

#Шу: Жастар тәрбиесі – басты назарда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауытбек ауылдық мектебінде оқушылармен тағылымды кездесу өткізілді. Кездесу барысында жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-ананы құрметтеу, ұстазға ізет көрсету, білім жолында талпыныс таныту және түрлі бұзақылық әрекеттерден аулақ болу тақырыптарында кеңінен әңгіме өрбіді.

Жиынға ауыл әкімінің орынбасары, ішкі істер саласының маманы және имам Шаттық Қамаубаев қатысып, өз салалары бойынша маңызды ой-пікірлерімен бөлісті. Олар жастарды тәртіпті, саналы әрі жауапкершілігі жоғары азамат болуға шақырып, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарына тоқталды.

Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың дұрыс бағытта қалыптасуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: