Қордай: Әйел-қыздар жамағатымен айлық басқосу өтті

Қордай: Әйел-қыздар жамағатымен айлық басқосу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дініміздің негізін сақтаушы басты жолдардың бірі – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Бұл шариғат терминінде «әл-әмру биль-мағруфи уә наһйу анил-мункәр» деп аталады. Мағруф – ақыл мен дініміз тұрғысынан жақсы деп танылған амалдар болса, мункәр – ақыл-санамыз бен дінімізге қайшы келетін жаман істер. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын әрі Аллаға иман келтірген қайырлы үмбет болып шығарылдыңдар», – деп баяндайды.

Осы мақсатта Жамбыл облысы, Қордай ауданы аудандық «Қордай» мешітінің әйел-қыздар жамағаты ұстаздармен айлық басқосуға жиналды. Жиын барысында ұстаздар тарапынан тағылымды уағыз-насихаттар айтылды. Атап айтқанда: Эльмира Аманқожақызы «Әйел мен ердің міндеттері», Альбина Бақтиярқызы «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі», Айгүл Жолдасқызы «Әйел адамның білім алуы» тақырыптарында насихат жүргізді.

Кездесу барысында жамағат көкейдегі сұрақтарына жауап алып, рухани пайдалы мәліметтермен сусындады. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім мен ізгі орта нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: