#Шу: Шу аудан мешіттерінде Жеңіс күніне орай ардагерлер рухына Құран бағышталды

#Шу: Шу аудан мешіттерінде Жеңіс күніне орай ардагерлер рухына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Шу ауданындағы мешіттерде Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтар мен өмірден өткен ардагерлердің рухына арнап Құран хатым бағышталды.

Игі шара барысында мешіт жамағаты мен ауыл ақсақалдары жиналып, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды. Сондай-ақ ардагерлердің ерлігі ұрпаққа үлгі екені айтылып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жайында насихат жүргізілді.

Жиын соңында келген тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: