#Мойынқұм: «Жәннәт» мешітінде соғыс ардагерлерінің рухына Құран бағышталды

#Мойынқұм: «Жәннәт» мешітінде соғыс ардагерлерінің рухына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Айтбай Назарбек ауылындағы «Жәннәт» мешітінде қасиетті жұма күні арнайы жиын өткізіп, өмірден өткен соғыс ардагерлерінің рухына Құран бағыштады.

Тағылымды басқосуда ел тыныштығы мен бейбіт өмір жолында жанын қиған батырлардың ерлігі мен өнегелі өмірі кеңінен айтылып, олардың есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны атап өтілді. Сонымен қатар, ардагерлердің рухына дұға жасалып, жамағат бірге Құран оқыды.

Жиын соңында жамағат марқұм болған соғыс ардагерлерінің рухына Алладан рақым тілеп, ұйымдастырылған игі шараға алғыстарын білдірді

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: