Қордай: Аудан орталығында бас имам жұма намазын өткізді

Қордай: Аудан орталығында бас имам жұма намазын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жан-жануарлардың адам өміріндегі орны ерекше. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Мүминун» сүресінің 21-аятында: «Расында сендер үшін малдарда ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегі сүтін ішкіземіз. Сондай-ақ сендер үшін оларда көптеген пайдалар бар әрі олардың етін де жейсіңдер», – деп баяндайды.

Бұл аяттан мал-жанның адамзат тіршілігіне қажетті үлкен нығмет екендігін аңғарамыз. Сондықтан табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әрбір мұсылманның міндеті. Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудандық «Қордай» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа «Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында көктем мезгілінде айналаны таза ұстау, үй маңын, мешіт ауласын, зираттар мен қоғамдық орындарды тазалау – сауапты іс әрі мұсылман әдебінің бір көрінісі екендігі айтылды. Сонымен қатар табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаны ластамау – имандылықтың белгісі екені ескертілді. Алла Тағала баршамызға тазалыққа мән беріп, табиғатты аялауды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: