9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Мойынқұм ауданындағы «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің имамы Нұрдос Нұрғазыұлы майдан даласында ерлікпен қаза тапқан ата-бабалардың рухына Құран бағышталып, арнайы дұға жасалды.
Рухани шара барысында ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмір жолында жанын қиған боздақтардың ерлігі еске алынып, олардың өнегелі өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.
Жиында халқымыздың бірлігі мен тыныштығы сөз болып, бейбіт күннің қадірін ұғындырудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Мамыр 2026
27 Зуль-каада 1447

