Тараз қаласына қарасты «Құлбай баба» мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтің ұйымдастыруымен мешіт ауласында сенбілік жасалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Алла үйінің айналасына тазалық жасалып, арам шөптер жұлынып, қоқыстардан тазартылды. Талдардың түптері қопсытылып, жаңадан 800 түп гүл көшеттері отырғызылды. Гүл алуға жұмсалған қаражат 104 000 теңгені құрайды.


29 Қыркүйек 2026
16 Раби-сани 1448
