#Меркі ауданы: Зұл-хижжа айының алғашқы он күндігі

#Меркі ауданы: Зұл-хижжа айының алғашқы он күндігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты елді-мекен мешіттері қасиетті болған Зұлхижжа айы туралы уағыз-насихат жүргізді.

Мешіт қызметкерлері: «Зұлхижжа айы мұсылмандар үшін аса құрметті де және ардақты айлардың бірі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Фәжр» сүресінің алғашқы екі аятында: «Таң шапағына серт. Және (мүбәрәк) он түнге серт», – деп айтқан.

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) аталмыш аятты: «Бұл аятта зұлхижжа айының алғашқы он күніне байланысты айтылған», – деп тәпсірлеген.  Алла Тағаланың қасиетті Құранда қандай да бір затпен ант етуі – сол заттың маңыздылығын білдіреді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Алла Тағалаға осы (он) күнде істелген игі істен жақсырақ амал жоқ», – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Сонда Алла жолындағы күресу де оған тең келмей ме?» – деп сұрады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла жолында күресу де оған тең келмейді. Тек жанымен әрі малымен күресіп, кері қайтпаған адамның жағдайы бөлек», – деп жауап берген (имам Бұхари).

Бұл айда негізгі атқарылатын амалдар: Қажылық, арапа күні ораза тұту, тәкбір ташриқ айту, айт намазын оқу және құрбан шалу», - деп, бұл айдың ерекшелігін атап өтті.

Уағыз соңында елімізге, жерімізге дұға жасалып, намаз оқылып тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: