#Қордай: "Қыз баланың әдебі" рухани кеші өтті

#Қордай: "Қыз баланың әдебі" рухани кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық орталық мешітінде "Қыз баланың әдебі" атты рухани кеш өтті. Жиынды Ақбай Фатима  "Фатиха" сүресін оқумен ашты.

Адами тұлғада әдепті де инабатты, имани адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу қазіргі қоғамда ең өзекті мәселі десек те болар. Ислам діні қыз баланы тәрбиелеп өсірген адамға ерекше артықшылықтар береді.

Сол себепті шарада қыз баланың исламдағы орны жайлы қысқаша мәлімет беріліп, Болат Балнұр монолог оқып жалғастырды.

Жазғы сауат ашу курсының орта топ шәкірттері өлең шумақтарын оқып, "Жәннәтты ақшамен сатып ала алмайсың" тақырыбында қойылым қойды.

Болат Каусар "Қыз баланың сұлулығы иманында", Шағырбай Раян, Ақпай Фатиманың орындауында "Орамалды қыз" өлең шумақтары оқылды. Қызықты әрі үгі-өнегеге толы өткен шара қыздарға ерекше әсер сыйлады.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: