- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 876
#Шу: Діни кездесулер өтуде
Жақында Шу ауданы Көктөбе ауылындағы «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов өңір ішінде бірнеше кездесу өткізіп, өткір мәселелерге тоқталып қайтқан болатын.
Жақында Шу ауданы Көктөбе ауылындағы «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов өңір ішінде бірнеше кездесу өткізіп, өткір мәселелерге тоқталып қайтқан болатын.
Мешіт - Алланың үй. Мұсылмандардың құлышылық ететін орны. Сонымен қатар үлкен тәрбие мектебі мен түрлі діни жоралғылар орындалатын жер. Сондықтан мешіттің ішкі және сыртқы көркіне көңіл бөлу, көмектесу жамағатқа жүктелген сын. Себебі мешітіне қарап жамағатын танып, адамдардың асыл дінге деген көзқарасын білуге болады.
Қабырғалы халқымыз қандай бір істі бастамас бұрын құрбан шалып, құран оқытқан. Мал қонды, егін өнімді болу үшін жаңбырдың қажеті көп. Кейде белгілі бір өңірлерде ұзаққа дейін жаңбыр жаумай қалады. Ондай асыл дініміздің ұстанған жұртымыз тасаттық беріп, Алладан жауын сұрап дұға етеді.
Таяуда Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы «Қойайдар» мешітінің имамы Аян Смайылдың ұйымдастыруымен 1 бас қой сойылған болатын. Раббымыздың разылығы үшін сойылған малдың еті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратылды. Жалпы жұмсалған қаражат 70 мыңды құрап отыр.
"Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағатынына насихат жүргізілді. Қазіргі қоғамдағы жат ағым мәселесі, оның зияны, бұл бағыттың қате және адасқан тұстарын ұстаздар аят хадистердің мағынасын аша отырып дәлелдер келтірді.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының әйел ұстаздарына арналған семинар өтті.