#Меркі ауданы: Отан алдындағы парызды өтеу - міндет

#Меркі ауданы: Отан алдындағы парызды өтеу - міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.

Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Ғабдулла Андас батыр ауылдық шекара заставасын зиярат етіп, Отан алдында парызын өтеп жүрген азамттармен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында Алтынбеков Ғабдулла: ««Отанды сүю – иманнан», –  деген аталы сөз бар. Иманды адам өз елінің нағыз патриоты бола алады. Отаншылдық сезім Отанға, туған еліне, оның тіліне, туып өскен жеріне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтен басталады.

Отанды қорғау – құрметті парыздың бірі. Себебі, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі көзі тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз, Алла жолында елін күзеткен көз», – деген.

Отанды сүю - патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет - отанға деген сүйіспеншілік. Отанға жанашырлықпен қарау, адал қызмет ету, халықты сыйлау, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті, сүннет жолы, мәзхабы, мемлекеттік рәміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын да құрметтей білу керек. Алла елімізді, жерімізді қауіпсіз, бейбіт мекен қылғай! Әумин!», - деп, қызмет атқарып жатқан барша азаматтарымыздың еңбегі зор екенін атап өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: