МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жуырдаға жұманың кешінде Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев аудан орталығындағы «Төле би» мешітінің асханасына ауқымды дастархан жайып ауызашар берді. Оған ауданға қарасты ауылдардың ақсақалдары, әкімдері мен аталған мешіттің жамағаты қатысып, әкімнің қонағы болды. Ұзын саны 200 адам қатысқан ауызашар ерекше мәнге, әсем әнге толы болды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде "Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан адамның сауабына тең сауап оған да беріледі" делінген. Ауыз бекіткен кісінің ауызын ашуына себепкер болу үлкен сауап, қайырлы іс.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер мешіт ауласына қақпа құрылысын бастап кетті. Аталған игі іске мешіт имамы Айтжан Керимов өз алғысын білдірді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде «Шарапатты Рамазан» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты. Аталған акция 30 ауыл  тұрғынын қамтыды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде  аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының бастамасымен «Тазалық – иманның жартысы» атты тазалық жұмыстары  жүргізілді.