#Меркі ауданы: Имани жүздесу жасалды

#Меркі ауданы: Имани жүздесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының арнайы шақыртуымен Тараз қаласының бас имамы "Нұр-Мүбәрак" Египет Ислам мәдениеті университетінің магистрі, білікті исламтанушы, теолог Дәуренбеков Орынбасар ұстаз арнайы келіп, «Меркі ата» мешітінің жамағатына «Зул-хижжа айының алғашқы 10 күні» және де «Үлкен қажылық»  тақырыбында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аталған тақырыптағы уағызды тыңдау үшін алыс-жақын жердегі жамағаттар да қатысты. Уағыз айтқан ұстазға жиналған жамағат өз ризашылығын білдірді.

Уағыз соңында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: