"Ислам және дәстүр құндылығы" жылы аясында Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы "Жарас ата" мешітінің имамы Коктал Мадиярдың және ауыл жамағатының ұйымдастыруымен асық ату ойынынан мешіт жамағатының арасында жарыс өтті.
"Ислам және дәстүр құндылығы" жылы аясында Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы "Жарас ата" мешітінің имамы Коктал Мадиярдың және ауыл жамағатының ұйымдастыруымен асық ату ойынынан мешіт жамағатының арасында жарыс өтті.
Алматы қаласы «Нұр – Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті» унверситетінде білім алып жатқан шәкірттер және осы оқу орында қызмет атқарып, білім беріп жүрген ұстаз Асанбек Ануарбек Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының қабылдауында болды.
Қасиетті Рамазан айы сауаптар еселенетін ай. Андас батыр ауылының тұрғыны болып келетін ағамыз қасиетті айда, Алланың разылығын көздеп ауылға қарасты 3 мешітте ауызашар берді. Ауызашарға келген жамағат ағамызға, оның отбасына разылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде сауаптар еселенетін айда ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берілді. Аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Әлім Ибрагимов «Ислам және отбасы» тақырыбында уағыз айтып, отбасы құндылықтарына тоқталып өтті. «Отан – отбасыдан басталады» - деп дана қазақ халқымыз бекер айтпаған.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» деген.
Меркі ауданы "Жүніс молда" мешітінің имамы Қасымалиев Дастан көп жылдар бойы діннің қызметінде болған, осы "Жүніс молда" мешітінің азаншы қызметін атқарған, бүгінде Алланың сынағына түсіп қалған, ақсақал Жарылқасын атамызды зиярат етіп, көңілін сұрап шықты.