"Ислам және дәстүр құндылығы" жылы аясында Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы "Жарас ата" мешітінің имамы Коктал Мадиярдың және ауыл жамағатының ұйымдастыруымен асық ату ойынынан мешіт жамағатының арасында жарыс өтті.
Жарысқа ауылдың үлкені мен кішісі де қатысты. Ептілік пен шапшаңдық танытып, жеңіске жеткен жандар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі