МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Меркі ауданы, Ойтал ауылы "Намазхана" мешітінің имамы Олжабаев Жанболаттың ұйытқы болуымен ауылдағы төрт отбасыға қайырымдық жасалды. Мұқтаж отбасыларға күнделікті қолданыстағы азық-түлік, май, картошка, қант және т.б  тұрмыстық заттар берілді. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің ұстазы Шынали Айгерімнің ұйымдастыруымен «Рамазан – рухани азық» атты рухани кеш өтті. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітіндегі құран курсының шәкірттері муғалим сәниді аяқтап, құран оқып бастады. Құранға түскен шәкірттерге бас имамның атынан сертификат табысталып, Айгерім ұстаз қасиетті Құран Кәрім кітабы және зәмзәм суын сыйлыққа берді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

  Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылының имамы Ғалымжан Аятұлының ұйымдастыруымен Қасиетті жұма күні тұрмысы төмен 7 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық жасалды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының имамы Бақытжан Әлімбековтің бастамасымен «Ішімдіктен бас тартқан ауыл» атты ізгі жоба іске асты. Ауыл имамы мешіт ақсақалдарымен бірлесіп ауылдағы дүкендерді аралап, қасиетті айда арақ сатпауға шақырды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қасиетті Рамазан айында әр сенбі сайын орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстаздары әйелдер жамағатына семинар өткізуде. Кезекті жиын Құран хатымның дұғасымен басталды. Апта сайын аталған мешіттің Құранға түскен шәкірттері бірігіп Құранды хатым етуде.