Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен Алматы қаласында орналасқан имам-молдалардың білімін жетілдіруге арналған Ислам институтына ауылдық мешітке қызметке ұсынылып жатқан 2 үміткер оқуға жіберілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен Алматы қаласында орналасқан имам-молдалардың білімін жетілдіруге арналған Ислам институтына ауылдық мешітке қызметке ұсынылып жатқан 2 үміткер оқуға жіберілді.
Қордай ауданы «Қордай аудандық бұқаралық спорттық іс-шара өткізу орталығында» имамдар арасында облыстық деңгейде кіші футболдан турнир болып өтті. Спорттық іс шараның басты мақсаты – имамдар арасындағы ауызбірлікті, ынтымақты арттыру.
Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Қасиетті кітаптың бұл дүниедегі пайдасы қаншалықты көп болса да, мәңгілікке созылатын ақыретіміздегі пайдасы да шаш етектен. "Һибатулла Тарази" мешіті Сауат ашу курсының шәкірттері осы Құранды арабшадан оқып, сауаптарға кенелу бақытына ие болды. Олай дейтініміз, мешітте білім алып жатқан 80 шәкірт Құранға түсті.
Бүгін 2023-2024 оқу жылының бірінші жарты жылдығының аяқталуына орай ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледж директорларының онлайн жиналысы өтті. Аталған жиынға "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, жарты жылда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Тараз қаласы «Ар Рахман Ар Рахим» мешітінің ұстазы Зора Айдарова әйел-қыздар секторының жамағаты және шәкірттеріне «Мәйітті жуу» турасында іс-шара өткізді.
Жұма намазынан кейін Тараз қалалсы «Айсұлу ана» мешітінде палау пісіріліп, жамағатқа таратылды.