#Жамбыл: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ»

#Жамбыл: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде сауаптар еселенетін айда ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берілді. Аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Әлім Ибрагимов «Ислам және отбасы» тақырыбында уағыз айтып, отбасы құндылықтарына тоқталып өтті. «Отан – отбасыдан басталады» - деп дана қазақ халқымыз бекер айтпаған.

Отбасы тыныштығын сақтау – ер мен әйелге тікелей байланысты. Өмірдің сүреңсіз соқпақ жолында ер мен әйел бір-бірінің кемшілігін жасырып, жақсылығын асыра отырып, бір-бірін толықтырып отыруы отбасылық міндетіне жатады. Бұл туралы қасиетті Құранда: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» - деп отбасының сақталуы мен шайқалмауына ат салысу міндет екендігі айтылды. Ауызашарға 30 адам қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: