Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» деген. Осы хадистің жалғасында Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады». (Бәйһақи) Осы орайда, Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылында ауызашарға құрма мен су таратылды.
Мешіт салған кәсіпкер ағаларымыз осы айтылған бүкіл хадиске амал жасап, ауыл тұрғындарына дастархан жайып, және ауыл маңынан өтетін республикалық маңызы бар күре жолда сапардағыларға құрма мен су таратып ауызашар берді.
Алла Тағала қасиетті айда ауызашар беріп, жақсылықта жарысып жатқан ағаларымыздың ниетін қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі