Меркі ауданы "Жүніс молда" мешітінің имамы Қасымалиев Дастан көп жылдар бойы діннің қызметінде болған, осы "Жүніс молда" мешітінің азаншы қызметін атқарған, бүгінде Алланың сынағына түсіп қалған, ақсақал Жарылқасын атамызды зиярат етіп, көңілін сұрап шықты.
Хақ дініміз аурудың көңілін сұрауға, оны зиярат етуге шақырады. Пайғамбарымыздың (Алланың слауаты мен сәлемі болсын) өзі әр күні кешке жанындағы сахабаларынан: " Бүгін қанша жетімнің басын сипадың, неше аурудың көңілін сұрадың" - деп сұрап отырады екен. Адамзат баласына ісімен үлгі болған Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі де осы іске ерекше көңіл бөлетін.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі