#Меркі ауданы: Бас имам шәкірттермен кездесті

#Меркі ауданы: Бас имам шәкірттермен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы  қаласы «Нұр – Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті» унверситетінде білім алып жатқан шәкірттер  және осы оқу орында  қызмет атқарып, білім беріп жүрген ұстаз  Асанбек  Ануарбек  Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының қабылдауында болды.

Кездесу барысында бас имам Азамат Берікұлы шәкірттерге білімде табанды болу үшін, «Білім» жайлы уағыз-насихат айтты. Және де шәкірттердің ұсыныс-өтініштерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, қандайда бір көмек керек болса,аудан имамы тікелей өзіне хабарласыуын сұрап, қолдан келген көмекті аямайтынын жеткізді.

Жиын соңында, шәкірттерге білім жолындағы күш-қуаттарының арта беруіне тілектес екендігін білдірді.  Білім жолындағы шәкірттерге Рамазан айының құрметіне ауызашар дастарханы жайылды.

Алла Тағала діни оқу орындарында білім алып жатқан шәкірттердің білімін арттырсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: