Тағы бір мұсылман Австралия сенаторы болды

Тағы бір мұсылман Австралия сенаторы болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австралиялық мұсылман сенатор Мехмет Типле осы елдің бұрынғы премьер-министрі Малькольм Фрезер жайлы жағымды пікірін білдірді. 1970 жылдары оның әкесі Рамазан Типле Түркиядан заңсыз жолмен келген иммигрант болғанына қарамастан Австралияда орнығып, тұрақтап қалған.

39 жастағы сенатор иммигрант сенаторларды – Малайзиядан келген лейборист Пенни Вонды және Германияда туып-өскен либерал Ерік Абецті еске алып: «Қалай дегенмен де біз бәріміз австралиялықпыз. Құндылығымыз да, міндетіміз де бір. Қоғам игілігі үшін жұмыс істеп жүрміз»,- деді.

Сондай-ақ, ол парламент қабырғасында діни кемсітушілікке қарсы күресетінін айтып, уәде берді. «Өмірдің өзі діни кемсітушіліктің тығырықтан алып шықпайтынын көрсетті. Діни кемсітушілік – түйткілді мәселе»,- деді ағынан ақтарылып.

Мехмет Типле 1910 жылы Өкілдер палатасына сайланған 43 жастағы Эда Хусиден кейінгі Австралия парламенті тарихындағы екінші мұсыылман екенін айта кету керек.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: