Алғашқы жалақасын әкесінің қажылығына жұмсаған спортшы

Алғашқы жалақасын әкесінің қажылығына жұмсаған спортшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Француздар құрама командасының қорғаушысы әрі «Ливерпуль» футбол клубының ойыншысы, сенегалдық Мамаду Сако Twitter әлеуметтік желісінде алғашқы жалақысын әкесін қажылыққа аттандыру үшін жұмсағанын жазыпты.

23 жастағы футболшы өзінің жанкүйерлерімен ашық әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Футболшының әлеуметтік желідегі жанкүйерлерін оның «Париж сен-Жермен» сапында болған уақыттағы алғашқы жалақысын қайда жаратқаны қатты қызықтырғанға ұқсайды. «Алғашқы жалақым ала салысымен әкемді қажылық сапарға аттандырдым. Қажылық оның көптен бергі арманы болатын»,–дейді бұл теңбіл доп шебері.

Мамаду Сако Парижден кедей ауданда өмірге келген. Кейін ол өзінің жасыл алаңдағы шеберлігінің арқасында француздардың ұлттық қаһарманына айналды.  

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: