Желтоқсанның 14-15 жұлдызында Үнді елінде мұсылман ғұламаларының басқосуымен «Бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін» тақырыбында конференция болып өтті. «Шейх уль-Хинда» ғылыми-қайырымдылық қорының ұйымдастырумен бұл конференцияға Үнді елінің ғұламаларымен қатар, Батыстың да бірқатар ғалымдары қатысты.
Конференция барысында мұсылман әлемінің бейбітшілікті ғана қалайтыны, ал лаңкестік пен зұлымдықты жақтаушылардың Исламға жат екені талқыланды. «Үнді елі мен Англия, Непал, Бангладеш, Мьянма, Мальдива, Пәкістан сынды мемлекеттердің 6000-ға жуық мүфтилері мен ғұламаларының мақұлдауымен пәтуа қабылданды», – дейді «Джамиат-и-Улама» ұйымының бас хатшысы Махмұд Мадани.