Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрлігі алдағы Рамазан айында азық-түлік бағасын тым шарықтатқандар үшін шара қолданып, айыппұл салатындықтары жөнінде ескерту жариялады. Қасиетті Рамазан айында Әмірлік аумағында азық-түлік бағасын арзандату – жыл сайын жалғасып келе жатқан үрдіс. Алайда, сол үрдісті бағынбай, бағаны бұрынғысынша ұстап тұратындар немесе тым шарықтатқандар 100,000 дирхамға дейінгі көлемде айыппұл төлейді.
Министрлік басшыларының айтуынша, ай бойы базардағы бағаны бақылайтын арнайы инспекторлар жұмыс істемек. Сондай-ақ, арзанға алып, қымбатқа сату секілді алыпсатарлыққа ауыр жаза бары ескертіліп, қатаң шектеу қойылуда.
Айта кету керек, әмірліктегі ірі сауда орталықтары қасиетті Рамазан айы кезінде азық-түлік бағасын 30-40% төмендетеді.
muslim.kz