ҚМДБ: биылғы пітір садақасы - 200 теңге

ҚМДБ: биылғы пітір садақасы - 200 теңге

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді. 

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысқан алқалы жиында қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін білікті имамдарды тарту мәселесі де талқыланды. Бас мүфти республика бойынша мешіттерде жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан орталықтандырылған онлайн дәріске жамағаттың толыққанды қатысуын, онлайн нүктелер санын (ауылға дейін) көбейтуді, әрі сабақтың сапалы, сауатты өтуін қадағалауды өкіл имамдарға тапсырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «жастарды теріс ағымдардан сақтандыру», «қоғамның діни сауатын арттыру» мақсатында білікті имамдардың дәрісін жаңа технологиялар арқылы насихаттауды қолға алды. Еліміздің бас мешіті «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни уағыз онлайн форматында жыл басынан бері өткізіліп келеді.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: