Алматыда жетімді шат-шадыман еткен ауқымды шара өтті (ФОТО)

Алматыда жетімді шат-шадыман еткен ауқымды шара өтті (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы қаласы Орталық мешітінің үйытқы болуымен 1 маусым - балаларды қорғау күні мерекесіне орай игі шара өтті.  

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Діни басқарма ауласында балаларға арналған карусельдер мен батуттар орнатылып, мерекелік алаң жасалды. Мерекеге көпбалалы отбасынан және тұрмыс жағдайы төмен жанұядан шыққан балалар, интернаттар мен жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері дін қызметкерлерінің қамқорлығына бөленді. Мереке барысында Бас мүфти атынан сыныпты үздік бітірген "Кәусар" жетім балалар үйінің 5 оқушысына Көкшетаудағы «Балдәурен сауықтыру лагеріне» жолдама берілді.

«Бүгін - ерекше, мәні мен мағынасы зор күн. Сіздерді осы мейраммен шын жүректен құттықтай отырып, ибалы, инабатты, білімді, тәрбиелі болып өсулеріңізді тілеймін. Бүгін сіздер үшін көңілді де қызықты мереке ұйымдастыруға тырыстық. Біздер үшін басты байлық – сіздердің күміс күлкілеріңіз бен шат-шадыман көңіл-күйлеріңіз», - деді ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы.

Мереке соңында балаларға дастархан жайылып, түрлі сыйлықтар үлестірілді, балмұздақтар тегін таратылды.

Бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. Бұл игі шара жыл сайын дәстүрге айналмақ.

"Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді" дейді қазақ халқы. Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсат - жетімнің көңілін көтеру. Оларды имандылыққа шақыру, білімді де инабатты азамат болып өсуіне қолдан келгенше үлес қосу", - дейді Нұрбек қажы Есмағанбет.   

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: