МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Наурыз мейрамы қарсаңында Қордай ауданы Қақпатас ауылының орта мектебінде «Дәстүрлі дін» атты жиын ұйымдастырылды. Жиналысқа осы мектеп директоры С.А. Жакенова, мектеп директорының орынбасарлары Н.С. Бактыгулов, М.С. Әлмежанова, ауыл имамы Ж. Танекеев және аудан орталығынан арнайы келген аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д. Жандосұлы  және 5-11 сынып оқушылары қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков ауылдық жерлердегі мешіттерде жамағатпен пікірлесуді, жастармен, оқушылармен кездесуді және аудан, ауыл басшыларымен ой бөлісуді жөн көрген сыңайлы. Бұл бас имамның имандылық жолындағы ұстанымы болса керек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлының ұйымдастыруымен ауылдық жерлердегі имамдардың біліктілігін арттырудың екі айлық курсы аяқталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар хадистерінің бірінде былай деп айтқан екен: «Бір үйде бір жетім болса, Алла тағала сол үйді сондай жақсы көріп тұрады», халқымызда  «Жетім көрсең, жебей жүр», - деген нақыл бар. Жетімді жылатпау, жесірге көмек көрсету, қарияға қамқор болу - имандылықты ту еткен қазақтың әдет-ғұрпына сіңген жақсы әдет.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Қордай ауданы бойынша әділет басқармасында «Ақ неке» атты семинар жиналыс өтті. Жиналысқа Әділет басқармасының басшысы Талғат Абдрахимұлы, АХАЖ бөлімінің қызметкерлері, мектеп және колледж мұғалімдері, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлы қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Осы аптада ауданымызға ат басын тіреген облыстық ішкі саясат басқармасы мен дін істері агенттігінің облысымыз бойынша департаменті, аудан әкімшілігі және мешіт қызметкерлерінен тұратын үгіт-насихат тобы өз жұмысын жалғастырды. Аталмыш топ негізінен дүнген ағайындар мекендейтін Масанчи, Сортөбе және Аухатты ауылдарында кездесулер өткізді.Кездесулер Масанчи ауылында мәдениет үйінде, Сортөбе ауылында №19 орта мектептің жиналыс залында, ал Аухатты ауылында ауыл әкімшілігінің жиналыс залында өтті.