Жетім көрсең жебе жүр! Қызыл ай қайырымдылық қорының бағдарламасы.

Жетім көрсең жебе жүр! Қызыл ай қайырымдылық қорының бағдарламасы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар хадистерінің бірінде былай деп айтқан екен: «Бір үйде бір жетім болса, Алла тағала сол үйді сондай жақсы көріп тұрады», халқымызда  «Жетім көрсең, жебей жүр», - деген нақыл бар. Жетімді жылатпау, жесірге көмек көрсету, қарияға қамқор болу - имандылықты ту еткен қазақтың әдет-ғұрпына сіңген жақсы әдет. Бұл дәстүрді жаңғырту иманым - жиғаным деген әрбір мұсылманның назарынан тыс қалған емес.

 

Әсіресе, халықты имандылыққа, адамгершілікке, ізгілік пен бірлікке шақыратын мешіттерде бұл игі істер жалғасын тауып келеді. Оның дәлелі «Қордай» аудандық мешітінде бүгін орын алып жатқан іс-шара дәлел. Нақтырақ айтсақ, Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбайдың  ұйымдастыруымен, Біріккен Араб Әмірліктерінің демеушілігімен «Қызыл ай»  қайырымдылық қоғамы асыраушысыз қалған отбасыларға яғни жетімдерге ақшалай көмек көрсетуде.

 

Статистикалық мәліметке жүгінсек, аталмыш қордан Жамбыл облысы бойынша 580 жетім бала арнаулы көмек алса, оның  ішінде 243 бала тек қана Қордай ауданының тұрғындары, яғни көмек алушылардың 50 пайызы болып табылады. Қор бір балаға 7200 теңге сомасында бір айлық көмек көрсетіп бүгінгі аудан бойынша таратылатын сомма 7 198 000 теңге құрады. Қор тек қана жетім балаларға ғана көмекпен шектелмей, аз қамсыздалған отбасыларға, босқындарға, зардап шеккен елді мекендердің халқына көмек көрсету арқылы нағыз мұсылмандық қайырымдылықты көрсетіп, Ислам діні мейірімділік пен жасампаздық дін екенін өз істерімен дәлелдеуде. Аллаһ тағала аталмыш қор ұжымына, жалпы басқа мұсылман бауырларына қол созып жүрген мұсылман жандарға екі дүние игілігін нәсіп етсін деп дұға қыламыз.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы
 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: