Имамдар оқушылармен кездесті.

Имамдар оқушылармен кездесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков ауылдық жерлердегі мешіттерде жамағатпен пікірлесуді, жастармен, оқушылармен кездесуді және аудан, ауыл басшыларымен ой бөлісуді жөн көрген сыңайлы. Бұл бас имамның имандылық жолындағы ұстанымы болса керек.


Таяуда Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектепте оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге келген ауданның бас имамы, «Сәтбай ата» мешітінің және Қаракемер ауылы мешітінің бас имамдары Тұрғынбек Оңғарбаев, Әлдибай Шалқаров өмірге, өңірге, білімге, өнерге құштар жастардың алдында имандылықты, адамгершілікті пайымдап, жақсылық пен жамандықтың, тәртіп пен тәртіпсіздіктің арасын ажыратып, ақылман сөздерін жеткізді. Дін жолында адаспауды ескертті. Қазір түрлі діни ағымдардың пайда болғанын да айтты. Оқушылардың қойған сауалдарына нақты жауаптар қайтарды.
Кездесу соңында Төле би атындағы орта мектептің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Бақытбек Иманбеков оқушылар атынан құрметті қонақтарға маңызды әрі пайдалы кеңестері үшін рахмет айтты.

 


Д.Орманов, Жамбыл аудандық

«Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: