МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Аллаһтың қалауымен кеше ғана басталған ізгі іс, яғни қыз балаларға сауат ашу курсыда бүгін міне өз мәресіне жетті. Сауат ашу курсына әртүрлі жастағы 40 қыз бала қатысты. Жас тәлімгерлерге дәріс беруге арнайы облысымыздың өкіл имамы Д.Жұмабаев мырзаның бұйрығымен «һибатулла ат-Тарази» медресесінен Г.Көпбаева, Г.Сатарова, Ж.Дуанбекова ұстаздар келді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Жамбыл облысындағы «Зекет» қорының өкілі, Бөлегенов Ерлан,  Рамазан айының келу қарсаңына байланысты, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің медресе асханасында  көп балалы, жағдайы төмен кісілердің отбасыларына арнайы дастархан жайып тамақтандырып, Қасиетті Рамазан айымен сүйіншілеп, келген кісілер «Зекет» қорының атынан, күнделікті тұтынатын бұйымдар үлестіріп берді. Қайырымдылықтың негізгі мақсаты болса, Рамазан айының береке айы екенін түсіндіріріп, халыққа қуанышты көңіл күй бағыштау болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйырығы бойынша, еліміздегі әр өкілдіктердің, жасөспірім жеткіншектердің жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін, сауат ашу курстары мен лагерь ұйымдастырылсын деп бұйырылған болатын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде, Рамазан айына байланысты, баспасөз отырысы болып өтті.
Баспасөз отырысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы және наиб имамы Аманбаев Ержан, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек қатарлы имамдар Рамазанның қадыр-қасиеті туралы тоқталып сөз етті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
   Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы болып, оған ҚМДБ - ның Жамбыл облысындағы өкілі « Һибатулла Тарази » мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы қатынасып қайтты. Аталмыш отырысқа өзге де кеңес мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасы,  Дін істері департаменті, Әділет департаменті және діни бірлестік пен филиалдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Осыдан бір ай бұрын Шу ауданы Төле би мешітінің жанында ұйымдастырылған жазғы лагерь өз мәресіне жетті. 30 ер бала жатып, 12 бала қатынап оқыды. Осы бір айдың ішінде әріп танымайтын балалар құранға түсіп, 10 шақты сүре, хадистер, күнделікті әр мұсылманға тиісті дұғалар, намаз, дәрет алу сияқты ислам құндылықтарынан сусындады.