МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Мәуліт бүкіл мұсылман әлемінде мейрам түрінде өткізіледі. Мәуліттің құрметіне, яғни пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күніне арналып мешіттерде уағыз айтылады, жамағатпен намаз оқылады, мұқтаждарға садақа таратылады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Тараз қаласындағы «Жамбыл политехникалық колледжінің» оқу залында ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі  Кеңесінің бастамасымен  және  Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен аудан және Тараз қаласында орналасқан жастар орталықтарының қызметкерлерін оқыту семинары болып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла-Тарази» орталық мешітінің бас имамы  Данияр қажы Жұмабаевтың ұйымдастыруымен, облысқа қарасты барлық қала, аудан бас имамдарының басын қосқан арнайы жиналыс болып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қасиетті жұма күні Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Данияр Әллимұхамедұлы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы «Бәйдібек» мешітіне жиналған жамағатпен жүздесті. Жұма намазынан бұрын жұртшылықпен әңгімелесіп, пікір алмасып, дін жайында мол мағлұматтар айта келе, әркімнің таңдау құқығы бар екендігін, дінді таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін айтты. «Өйткені адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты. Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазхабын ұстанатын сүнниттерміз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Көктемнің алғашқы күнінде күндердің сұлтаны жұма күні  Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай  Сортөбе ауылына жол тартты. Бұл ауылда негізінде дүнген бауырлар шоғырланған, Қордай ауданы бойынша тұрғындар саны бойынша  ірі  елді мекендердің қатарына жатады. Осы ауылда 13 мұсылман мешіті тіркелген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
2013 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысы Дін істері департаменті мен Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының бірлескен жоспарына сәйкес, Тараз қаласындағы «Достық» үйінде «Конфессияаралық келісімді нығайтудағы этномәдени орталықтардың орны» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.