Қордай жерінде үгіт-насихат тобының жұмысы жалғасуда.

Қордай жерінде үгіт-насихат тобының жұмысы жалғасуда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы аптада ауданымызға ат басын тіреген облыстық ішкі саясат басқармасы мен дін істері агенттігінің облысымыз бойынша департаменті, аудан әкімшілігі және мешіт қызметкерлерінен тұратын үгіт-насихат тобы өз жұмысын жалғастырды. Аталмыш топ негізінен дүнген ағайындар мекендейтін Масанчи, Сортөбе және Аухатты ауылдарында кездесулер өткізді.Кездесулер Масанчи ауылында мәдениет үйінде, Сортөбе ауылында №19 орта мектептің жиналыс залында, ал Аухатты ауылында ауыл әкімшілігінің жиналыс залында өтті.

 

Аталмыш жиынның барлығында да мемлекет  тұтастығын қамтамасыз ету, ел бірлігін сақтау, тәуелсіз елімізге жат ағымдардың көптеп келуі мен олардың зияны сияқты бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер талқыланып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сортөбе ауылында өткен жиналыс  барысы талқыға түсіп, пікір талас туып пайдалы өтті. Атап өтсек осы ауылда болған жиналыста дүнген ұлтты ауылдың ақсақалы тұрып таблиғ жамағатының зиянын дүнген ұлтты имамдар 90-шы жылдардың басында ақ түсініп, оларға қарсы жұмыстарды сол кезден бастап жүргізгендігін айтып, мемлекеттік органдары аталмыш бағыт бойынша жұмыстарды тым кеш қолға алғанын айтып ренжіді. Оған жауап ретінде үгіт-насихат тобы құрамында болған Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбай «таблиғ жамағат» ағымының зиянын және оның теріс жақтарын түсініп, ҚМДБ тарапынан аталмыш ағымға қарсы іс-қимылдардың бұрыннан бар екенін айтып түсіндіріп, осы бағыт бойынша ҚМДБ қол қусарып отырмағандығын жеткізді. Аудан Бас имамы Ә.Шалбай мырза өз сөзінде дүнген бауырларға ҚМДБ және жалпы мемлекет саясатынан ауытқымауды айтып, қандай бір діни мәселе үшін, қандай да бір пәтуа үшін шекара асып Қытай немесе Тәжікстан ғалымдарының пәтуасына жүгінбей еліміздегі жалғыз ислами ұйым Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуасы мен шешімдерін басшылыққа алуға шақырды. Өзара хи және ши деп бөлініп, бір-бірімен қыз алыспай, бір ұлттың адамдары бір-бірімен араздаспай, «жылқының еті харам, оны дүнген ұлтына жеуге болмайды» деген керітартпа сөздерді айтып ел арасына іріткі салуды тоқтату қажеттігін нақтылап айтып, Елбасы мен ҚМДБ-ның туы астына бірігуге шақырды. Мінекей осындай игі және пайдалы жиналыстар оңтайлы нәтижесін беріп, түйткілді мәселелердің шешімі табылады деген сенімдеміз.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы
Масанчи ауылы 
Сортөбе ауылы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: