МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді.» - деген (Табарани). Хадис шәрифте мұсылмандықтың адам санасында орнығып қалыптасуында немесе жойылуында балалық, жастық шақтағы атқарылатын істердің маңыздылығы білдірілуде. Олай болса әрбір мұсылманның бірінші міндеті - баласына ислам дінін және Құран кәрімді үйрету. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Балаларына Құран кәрім үйреткендерге немесе Құран кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран кәрімнің әр бір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі киіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады.» - дейді (С. Әбәдийа).

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі - қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Рамазан айында Алладан мейірім тілеп,кемелдікке ұмтылу мен иманын жетілдіру  иісі мұсылманның арманы. Әр мұсылман сол үшін де іштей жоспар жасап, бұл айға рухани тұрғыда өте жоғарғы дайындықпен қадам басады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Әдеттегідей ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай бұйрығымен Қордай ауданының ауыл имам-молдалары мамыр-маусым айларында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы мақсаттарды айқындауға аудандық «Қордай» мешітіне жиналды. Медресе ғимаратында қыз балаларға арналған сауат ашу курсының дәрістері өтіп жатқандықтан, жиналыс Алланың үйі мешітте өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Журналист әріптестеріміз өз кәсіби мерекелерін тойлап, мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдардан өздеріне лайықты сый-сияпаттарын, қошеметтерін көріп көңілдері орныққаннан кейін Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай құттықтаудан шет қалмай, аудандық газет беттерінде өздерінің діни мақалаларымен және аудандық мешіт қызметкерлерінің діни мақалаларының газет беттерінде жарық көруіне өз үлестерін қосып жүрген тілшілерді құттықтады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Дана халқымыз «Бұрынғыны айтпай, соңғы еске түспейді»,- деп тұжырымдауының сырында терең мән-мағына жатыр. Әрқандай жаңа дүние күн өте тарих қойнауында қалатыны шындық. Ал шындыққа арқау болатын бағалы мұраны қастерлеп, қадіріне жету үшін бабалар аманатына қиянат жасамай, дұрыс қалпын құратпай, дер кезінде қадіріне жету адамдық асыл қасиеттің белгісі.