Қамқорлық көрсетілуде

Қамқорлық көрсетілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Адамның бойындағы ең асыл да, сұлу қасиет – қайырымдылық», деп шығыс ойшылы әл Фараби айтқандай, Мәуліт айында қайырымдылық шаралары қарқын алып келеді. Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Р. Азизов пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты өсиеттерін насихаттаумен бірге мұқтаж азаматтарға көмек қолын созып, жомарттық танытып келеді.

Жақында Мәуліт мерекесін ұлықтаған Қостөбе ауылдық мешітінде Алла тағалаға мадақ, Расулуллаға (с.ғ.с.) салауат айтылып, мәуліт дұғасы оқылды. Онда «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы адамзаттың қасиетті айды сауапқа толы өткізу мақсатында, аудандағы елді мекендердегі мешіттерімізде қасиетті жұма қарсаңында имамдарымыз пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір тарихынан уағыздар айтып, осы айдағы жасалатын сауапты амалдар жөнінде мағлұматтар беріп отырғандығын, асыл тәжі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен ислам діні жолындағы қажырлы еңбегі, қасиетті айда сауабы мол игілікті істер жасап, қамқорлықты қажет ететін қарттар мен көп балалы отбасы, мүгедектер мен жетімдерге қамқорлық жасаудың маңызын сөз етті.

Мәуліт барысында «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизов аз қамтылған 2 отбасына азық-түлік өнімдерімен (тамақ майы, ұн, күріш, қант, тағы басқа) қатар ақшалай көмек көрсетті.


Өз тілшіміз.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: