Қасық ауылындағы жиналыс

Қасық ауылындағы жиналыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының кезінде аты бүкіл КСРО-ға дүркіреген, бүгінгі күні Қасық ауылының №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте  имани  жиын  өтті. Аталмыш жиынға аудандық «Қордай» мешітінің қызметкері Д.Жандосұлы, Қасық ауылының «Құдайберген» мешітінің имамы М.Отарбаев, мектеп директорының орынбасары Күншуақова және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Аты затына сай болғандай аталмаш жиналыста дін оның ішінде Ислам, Исламдағы ата-ананы қадірлеу, білім алудың маңыздылығы, қиындықтарға төзу және маңыздысы жастар арасындағы суицид мәселесі қозғалды. Осының бәрін айта келіп Д.Жандосұлы жастарды діни білімін көтеруге шақырып,  мешіттерде ұйымдастырылып жатқан сауат ашу курстарына белсенді түрде қатысуға шақырды. Қасиетті Құранның «білетіндер мен білмейтіндер тең ба» аятын Д.Жандосұлы  айтып, тек білім алу арқылы  көп жетістікке жетуге мүмкіндік барын және жат ағымдардан сақтануға болатындығын еске салды.Жиын оқушылардың сауал қойып, оларға дін қызметкерлері тарапынан жауап беру барысымен қызықты жалғасып, Медел ақсақалдың ақ батасымен аяқталды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: