Қарасу мектебіндегі кездесу

Қарасу мектебіндегі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Қарасу елді мекенінің №7 орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыолармен, ата-аналармен, ұстаздар ұжымымен арнайы түрде «Дін.Қоғам.Жастар» атты семинар өтті. Семинарға аудандық білім беру жүйесінің мамандары, аудандық «Қордай» мешітінің қызметкері, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, Қарасу ауылының «Әл-Хадий» мешітінің имамы С.Аманбаев қатысты.  Аталмыш мектеп директорының орынбасары Г.Саймасаева семинар мақсатымен жиналған қауымды таныстырып өтті.

Семинар барысында «Беслан» мектебі жайлы  бейнеролик көрсетіліп, оны Д.Жандосұлы  лаңкестік әрекеттердің не себептен орын алатындығын түсіндіріп, адамның қалай лаңкес болып қалғандығын, еріксіз жат ағымдардың құрбаны болатынын ашықтап берді. Сөзін жалғастыра келе, Д.Жандосұлы  Ислам діні ол бейбітшілік дін екенін түсіндіріп, Ислам сөзінің сөздік мағынасын түсіндіріп берді. Д.Жандосұлына оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар қайтарылды.  Мектеп психологы  А.С. Эшимова  Жат ағымдардың балалар мен жасөспірімдерге әсер ету жолдары жайлы баяндама оқып, оқушылармен бірге тәжірібие жасап көрсетті. Семинар соңында «өмір сүргім келеді» бейне ролигі көрсетілді. Қордай имамдары осындай жолдармен жастар арасында уағыз насихат жүргізіп, оларды теріс ағымдардан сақтауды көздеуде. Жаратқан ниетімізге жеткізгей.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: