Жолдау діндарларды жігерлендірді

Жолдау діндарларды жігерлендірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы  Елбасы Жолдауымен кеңінен тоқталып, саяси-әлеуметтік, мәдени де рухани маңызды құжаттың ел өмірінде болып жатқан істерді тілге тиек ете келіп: – Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадис шәріпте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсынғаны. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбағаны. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», - дейді (әл-Бухари және Муслим). Бұл халықтың өз басшысына бойұсынып, оған қолдау көрсетудің қажеттігін дәлелдейтін хадис. Демек, кешегі Жолдауды бүгінгі әрбір қазақстандық мұсылман қолдауы керек. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, бірлігін нығайтуға бағытталған бұл Жолдаудан туындайтын міндеттерді айқындап, облыс имамы Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосатын негізгі үш тапсырмасын кеңінен дәріптеп шықты. Атап айтсақ: біріншіден теріс ағымдағыларымен даналықпен күресу, екіншіден өңір бойынша үгіт-насихат жұмысын жандандыру, үшіншіден қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстарды ықыласпен, жауапкершілікпен атқару керектігін айтып, жиылған имамдарға кеңінен жеткізді.

Кезекті сөз алған ЖО әкімдігі дін істері басқармасының бастығы С. Айдапкелов мырза: – Елбасының кезекті Жолдауына баршамыз да куә болдық. Елдігіміздің нығайып, әлем кеңістігінде қазақ мемлекетінің өзіндік өрнегі қалыптасып келе жатқанына  көңіліміз марқайды, Жаратқанға сансыз шүкіршіліктер айттық, осы Жолдауда Елбасы міндеттеген жаңа міндеттерді айқындадық. Ол – болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» ету. Елбасы өз Жолдауында «Мәңгілік ел» ұғымын бекерден-бекерге қайтасын-қайта тілге тиек ете бермесе керек-ті. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен бұл асулардан алқынбай асатынымызға жан жүрегімізбен сенгіміз келеді – дей келе, Жолдау туралы кеңінен сөз етті.

Жиынға қаладағы мешіттердің имам, молдалары мен «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкілдігі

Баспасөз хатшылығы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: