Ізгі іс –қайырымдылық

Ізгі іс –қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратқан Иеміз қамшының сабындай ғана мына қысқа  заманда, бірімізді мал-дүние байлықпен, енді бірімізді жарлылықпен сынайды. Сонымен қатар, игі істерге мұрындық болған мұндай атымтай жомарттар  дүниелерін берекесін кіргізіп,  күнәларынан арылады.Міне аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері осындай ниеттте болған жандарды біріктіріп, тағы бір қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Нақтылап айтсақ,  әлеуметтік жағдайы төмен 7 отбасыға 2 литр сұйық  май, 10 кг ұн, 5 кг макароннан таратылды. Жалпы саны 14 литр май, 70 кг ұн, 35 кг макарон таратылды. Міне, осындай азда болса көмек арқылы қиыншылыққа төзіп отырған мұсылман бауырларымызға  көмек көрсетілді. Жаратқан  Йеміз жомарт және мейірімді мұсылмандар санын көбейте гөр.

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: